Та ырып Бухгалтерлік баланс

мен олардың құралу көздері есептелінеді. Сондықтан оларды негізгі шоттар деп атайды.

Негізгі шоттар инвентарлық қорларды есептейтін және есеп айырысуды есептейтін шоттар.

Балансқа байланысты шоттар активтік және пассивтік болып екіге бөлінеді. Инвентарлық шоттар барлығы активтік шоттар болады. Қорларды есептейтін шоттар пассивтік шоттар болады, ал есеп айырысудағы дебиторлық бережақтар активтік шоттар болады, кредиторлық бережақтар пассивтік шоттар болады.

2.Реттейтін шоттар есептелетін объектінің құнын реттеуге арналған. Осыған орай реттейтін шоттар контрарлық және толықтырушы болып екіге бөлінеді. Контрарлық шоттар контрактивтік және контрпассивтік болып екіге бөлінеді. Контрактивтік шоттарға негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің тозуы жатады. Контрпассивтік шотқа пайдаланудың бөлінуі жатады.

Толықтырушы шоттар дербес болмайды. Ол аналитикалық шот болып есептеледі. Оған тасу – тасымалдау шоты жатады.

3. Бөлетін шоттар кәсіпорында кейбір шығындарды тікелей өндіріс шығынына, яғни өндірістен өнімге тікелей апаруға болмайды. Оларды әрбір өнім түріне бөліп апару қажет. Сондықтан әдейі жинақтап бөлу шоты қолданылады. Оған жанама шығындар шоты жатады. Бұл шот активтік шот, оның дебетінде жыл бойына болған бөлінетін шығындар есептеледі, ал кредитінде сол шығындардың белгілі бір әдіспен бөлінгені көрсетіледі. Шығындар бөлініп болғаннан кейін бұл шотта қалдық қалмайды. Бөлінетін шығындарға өндірісті басқару және ұйымдастыру шығындары, негізгі құралдардың тозу шығыны (амортизация) және т.б жатады.

4.Калькуляциялық шоттар - өндіріс шығындарын есептеуге және өнімнің өзіндік құнын табуға арналған.

Калькуляциялық шоттарға негізгі өндіріс, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары, көмекші өндіріс жатады. Бұл шоттар активтік шоттар. Дебетінде жыл бойында болған тікелей шығындар есептеледі. Жылдың аяғында оған бөлінген үстеме шығындар алынады. Сөйтіп дебетінде нақты шығындар есептеледі. Ал кредитінде жыл бойы алынған өнім, істеген жұмыс, көрсетілген қызмет жоспарлы өзіндік құнымен немесе нормативті өзіндік құнымен есептеледі. Ал жылдың аяғында ол нақты өзіндік құнға дейін жеткізіледі. Қалдық калькуляциялық шоттарда болмауы мүмкін, ал болған жағдайда ол тек қана дебет жағында жазылады және аяқталмаған өндірісті көрсетеді.

5.Салыстырмалы шоттар, яғни қаржылық қорытынды шоттары кәсіпорынның жылдың аяғында қаржылық нәтижесін табу үшін және есептеу үшін қолданылады. Кәсіпорынның алған табыстары шоттар жоспарының алтыншы бөлімшесіндегі шоттармен есептеледі. Ал шығындары жетінші бөлімдегі шоттармен есептеледі. Жылдың аяғында оларды салыстыру үшін және пайданы табу үшін 5410 шоты пайдаланылады. Бұл шоттың дебетінде зиян көрсетіледі, ал кредитінде алынған пайла көрсетіледі.

Дәріс№ 5

Тақырып: Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың тәртібі мен сыныпталуы.

2. Инвентаризация.

3. Есеп регистрлері.

4. Бухгалтерлік есеп формалары.

5. Кәсіпорындардың есеп саясаты.

Бухгалт ерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше болады. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша атауға болады.

Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себесі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғананын және оған қандай мөлшерде шағын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқатүсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болуы есебінен бастапқы құжаттардың нысаны (фомасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды құқықпен қамтамасыз етеді.

Міндетті деректемеге жататындар:

- құжаттың аты, нысанының қоды;

- құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);

- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты – жөні;

- шаруашылық операциясының мазмұны;

- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты – жөні;

- жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктермен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.

Құжаттардың нысандары келесі бөлімдері топтасады:

1) ауылшаруашылық өнім мен шикізат;

2) еңбек және еңбекақы;

3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

4) материалдар;

5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;

6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;

7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;

8) автокөліктегі жұмысы ;

9) түгендеу нәтижелері;

10)кассалық операциялар;

11)сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды тотыруға мүмкінлік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады.

Есептік регистрлер .

Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды белгілі бір жүйелігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.

Есептік регистрлер – есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік ақпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.

Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі.

Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:

- хронологиялық – шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың кезектілігі бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы жә не т.б;

- жүйелі регистрлерінде – шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтпстырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлерді алуға болады;

- құрастырмалы – бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бірмезгілді өзара үйлесім табатын регистрлер. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де кеңінен қолданылады. Құрастырылмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырылмаған регистрлер – септік регистрлердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитекалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.

Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді.

- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.

- Синтетикалық регистрлер – бұл шаруашылық қаражаттарын және олрдың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады.

Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша мына топтарға бөлінеді:

- карточкалар – бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған;

- кітаптар – бұл да аналитикалық есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса кітабы мен Бас кітап ретінде көп таралған ;

- бос парақтар – жекелеген парақтарда әзірленетін регистрлер және онда есептік жазулар үшін арналған, оларды сызба жолдары мен нысаны парақтардың арналымына байланысты болып келеді;

- машинограммалар (басылған қағаздар) бухгалтерлік есептің іс жүзінде қолданатын бағдарламасы бойынша әзірленген аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толдыру (рәсімдеу) тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал ордердің параметрлеріне тәуелді болып келеді.

Кітаптарда аналитикалық есебінжүргізер кезде жазбалар тұрып, оның барлық беттерін беттеу керек, сосын оған мөр басып , бас бухгалтер қол қояды.

Регистрлерді ашқан кезде оларға регистрлерден өткен айдыңбастапқы қалдықтары , ал қажетті жерлерде – аналитикалық есептің баптары бойынша жыл басынан бергі кезеңдегі айналымдар көшіріледі. Ай сайынғы операцияны регистрге жазу кезінде оның мазмұны, мерзімі және құжат нөмірі көрсетіледі. Операцияның сомасы өзінің сәйкес келетін есептеулердің графасына жазылады. Жалпылама сипаттағы операцияларды алдын ала дайындалған кестелерде (жинақтық ведомстілерінде)жинақтайды. Айдың соңында кестедегі мәліметтердің жиынтығы аналитикалық және синтетикалық есептің регистрлеріне жазылады.

Ай біткен соң барлық аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік және кредитттік жиынтық есептелінеді.

Ай соңындағы жиынтық айналымы айналым ведамосын жасау үшін пайдаланылады.

Есеп регистрларының мәліметтері салыстырылады. Бұл үшін шоттар корреспонденциясы бойынша жазбалар жасалады, ал бұлбалансты жасағанға дейін қатені табуды және түзетуді және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.

Бухгалтерлік есеп нысандары (формалары)

Бухгалтерлік есептің нысандары (формалары) деп – белгілі бір дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуіге арналған есеп тіркелімін (регистрін) айтады.

Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында көрсетеді.

Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей түрлері қолданылады: мемориалдық – ордерлі, бас – журнал, журнал – ордерлі, жай және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).

Бухгалтерлік есептің мемориалдық – ордерлі нысандары қазіргі кезде қолданылатын ескі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында кітаптық және карточкалық тіркелімдер жүргізіледі. Синтетикалық )топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық (талдамалық) есеп үшін көбінесе карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе біріңғай алғашқы құжаттар есепте екі жақты жазу жазылып және ол мемориалдық – ордерлі нысан түрінде ресімделеді.

Бас журналды жүргізгенде бөлек немесе біртектес алғашқы құжаттар негізінде мемориалдық – ордерлер жасалады.

Журнал – ордерлі нысанын пайдалану барысында бухгалтерлік есеп ақпараттарын тіркеудің негізгі принципі – жинақталымдық тізімдемелерде (ведомотерге) алғашқы құжаттардың мәліметтерін жинақтау. Бұл нысанның негізгі есеп тіркелімі Журнал –ордер болып табылады. Журнал –ордерлерде алғашқы құжаттардан немесе жинақталымдық тізімдемелерден алынатын хронологиялық және жүйелік жазбалар біріктіріліп көрсетіледі. Әрбір синтетикалық шотқа арнайы журнал – ордер ашылады, оның ішінде шоттың кредитінен сәйкес шоттардың дебитіне жазылатын шаруашылық операциялар көрсетіледі.

Кітап ұйымның кез келген уақыттағы мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп айырысу – төлем тізімдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесін жүргізіледі.

Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.

Кәсіпорындардағы есеп саясаты

және инвентаризация

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау. құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, инвентаризациялау (түгендеу), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.

Бұйрықтың құрамына есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық жазылады. Сонымен қатар әр пункте тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізіге алынған болса міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.

Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады.

1.




8-09-2015, 12:15

Страницы: 1 2
Разделы сайта