Сонымен қатар қолма –қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімдік қағидасы –шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында , ұжымдық шарттарда және Қ.Р Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес , алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, - қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
· Сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
· Сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
· Сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін,біршама уақыттан кейін –қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын ,мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер-бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер- бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер-бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды ,сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы-бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты.Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді.Өтімділік қаражаттардың сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі,төлеушіде бірінші класстық өтімді қаражаттар сомасының болуын білдіреді Бірінші классты өтімділік қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар ,сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-бірімен тығыз байланысты.Сондықтан да , бұл қағиданың біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары - бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа шоттарында көрсетіледі.
Кез келген кәсіпорын мен ұйымның ,банкте басты бір шоты ,яғни есеп айырысу немесе ағымдық шоты болуға тиіс. Есеп айырысу шоттары барлық кәсіпорындарға , яғни меншік түрлеріне байланысты, сондай-ақ коммерциялық есеп айырысу қағидаларында жұмыс жасайтын барлық шаруашылық субъектілеріне ашылады. Есеп айырысу шотының иесі шоттағы қаражатты иелік етуге толық құқылы. Ондай клиенттердің дербес балансы болады. Сондай-ақ олар банктермен жеке қарым-қатынас жасай алады. Сөйтіп , есеп айырысу шотының иесі толық экономикалық және заңды тәуелсіздікке ие болады.
Ағымдық шоттар, қазіргі кезде коммерциялық қызметпен айналыспайтын және заңды тұлға ретінде мәртебесі жоқ ұйымдар мен мекемелерге ашылады.Бұрынғы кезде мұндай шоттар тек қана республикалық немесе жергілікті бюджетте тұрған қоғамдық ұйымдар мен мекемелерге ашылған болатын.Ағымдық шот иесінің есеп айырысу шотының иесіне қарағанда дербестігі шектеулі.Ағымдағы шоттар бойынша жасалатын операциялар қатаң реттеліп отырады.
Коммерциялық банктің мекемелеріне есеп айырысу шотын алу үшін мынадай құжаттар тапсыруға тиіс.
· Белгілі бір формадағы есеп айырысу шотын ашуға байланысты өтініші;
· Кәсіпорынды немесе ұйымды ,мемлекеттік тіркеуге алғандығы туралы құжат (тиісті атқарушы билік органдарымен куәландырылған)
· Кәсіпорынды құру туралы құрылтайшылық шарт көшірмесі (нотариалдық түрде куәландырылған)
· Жарғысының көшірмесі(нотариалды түрде куәландырылған );
· Кәсіпорын директорының өкілеттілігін бекіту туралы құжат (құрылтайшылар жиналысының хаттамасы немесе контракт);
· Кәсіпорынның бас бухгалтерінің өкілеттілігін бекіту туралы құжат(жұмысқа қабылдау туралы бұйрық немесе контракт)
· Кәсіпорынның бірінші лауазымды қызметтегілерінің қолы және мөрінің үлгісі бар екі карточка (нотариалды түрде куәландырылған)
· Кәсіпорынды салық алу үшін есепке алынғандығы туралы салық инспекциясының арықтама қағаз;
· Статистикалық ұйымдардың тіркеу карточкасы.
Жоғарыда аталған барлық құжаттар заңгер кеңесшіге немесе банктік бас бухгалтеріне тапсырылады.Құжаттарға тиісті сараптау жүргізілгеннен кейін , банк кәсіпорынға есеп айырысу шотын ашады.Есеп айырысу шотының ашылуы кәсіпорын банк арасындағы есеп айырысу –кассалық қызмет көрсету туралы келісім шартқа отыру негізінде жалғасады.
Аталған келісім шартқа сәйкес, банк кәсіпорынға тиісті нормативтік құжаттарға байланысты уақытылы кешенді түрде есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуге байланысты клиент шотына түскен қаражатты сақтау және клиенттің бірінші талабы бойынша беру;клиенттік шаруашылық қызметі туралы ақпаратты құпия етуге;клиент операциялары бойынша коммерциялық құпияны сақтауға байланысты міндеттемелерді өзіне алады.Сондай-ақ клиентке есеп айырысу және кассалық операциялардың жүзеге асырылу тәртібін реттейтін ,нормативтік актілердің талаптарын орындауға ,барлық ақшалай қаражаттарын банктегі шотында сақтауға ;белгіленген мерзімде банкке бухгалтерлік және статистикалық есеп беруге шотты жабуы туралы банкке алдын ала хабарлауға міндеттеме алады.
Қаншалықты есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету арқылы болғандықтан ,келісім шартта көрсетілетін қызметтің құны және ол үшін есеп айырысу тәртібі туралы арнайы бөлім қарастырылады.Көбіне, келісім-шарттарда шот ашу үшін ақы төлеу, есеп айырысу шоты бойынша операциялары үшін комиссиондық ақы , клиенттерге кассалық қызмет көрсеткені үшін төленетін ақы қарастырылады.Кейбір банктер бұл бөлімге , сондай ақ есеп айырысу шотындағы қаражат қалдығы үшін төленетін пайыз мөлшерін де қосады.
Есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуде жасалған келісім шартта міндеттемелерді екі жақтың орындалғаны үшін жауапкершілігі де көзделеді. Мысалға ,банк клиент шотынан тиісті соманы аударғаны үшін жауапкершілік алса , ол клиент банкке шот ашу үшін берілген құжаттардың туралығы ;алдағы тоқсанда кассалық болжамды уақытылы бермегені үшін ; банк көрсеткен қызметтерді төлеу мерзімінің бұзылғаны үшін ;т.с.с.жауапты болып табылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар тиісті құжат айналымын сақтау және белгілі бір формадағы есеп айырысу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.Есеп айырысу құжаттарының түрлеріне ,төлеу тәсіліне және банктегі құжат айналымын ұйымдастыруға байланысты қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың мынадай формалары болады:
· Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
· Төлем талабы –тапсырмаларымен есеп айырысу;
· Аккредитив арқылы есеп айырысу формасы;
· Чек арқылы есеп айырысу;
· Вексель арқылы есеп айырысу.
Есеп айырысу формалары мен тәртібі төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы келісім-шартпен анықталуға тиіс.
Есеп айырысу формасын таңдау мынадай жағдайларда анықталады.
· Контрагенттердің арасындағы шаруашылық байланыстар сипатымен;
· Жабдықтайтын өнімнің ерекшелігіне және оны қабылдау шартымен;
· Мәмілеге қатысушылардың мекен - жайымен;
· Жүкті тасымалдау тәсілімен ;
· Заңды тұлғалардың қаржылық жағдайымен.
Формаларды таңдауда есеп айырысуда жүргізудің бекітілген ережелеріне сәйкес банк тарапынан бақылау қойылуға тиіс.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы-клиенттің өз шотынан белгілі бір соманы аудару туралы қызмет көтеруші банкке берген тапсырмасын білдіреді.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады:алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін , тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер,салықтық төлемдер , банкке комиссиондық және т.б төлемдер)бойынша , жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлы және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге ,аванстық төлемдер бойынша.
Төлем талап-тапсырмасы.Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы ,біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын.Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы- жабдықтаушының төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған , жөнелтілген өнім ,атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын тиісті есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабын және төлеушінің шотынан қаражаттарды шегеру туралы берген төлеушінің тапсырмасын білдіреді.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы . Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды,бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы болып табылады.
Аккредитив-бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының)банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Егер де аккредитивті ашатын банк ,клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса,онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив”жеке баланстық шоты ашылады.
Аккредитивтің келесідей түрлері бар:
· өтелген және өтелмеген
· қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Өтелген (қаражат аударылған)-бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитивін білдіреді.
Өтелмеген (кепілденген)-бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.
Чекпен есеп айырысу.Чек- бұл шот иесінің , яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға (қаражат алушыға)төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.
Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады.Заңды тұлғалар арасында көбіне есеп айырысу чектері қолданылады.
Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
· егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей ,ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
· сатушы белгісіз болған жағдайда.
Әлемдік банктік тәжірибеде чектерді мынадай түрлерге бөледі: атулы, ордерлі және мәлімдеуші.
Атаулы чек бойынша төлем чекте көрсетілген тұлғаның пайдасына ғана есептеледі.Ордерлі чекте төлем чекте көрсетілген тұлғаның пайдасына есептелуі де мүмкін.Мәлімдеуші чектер бойынша төлемді банкке кім мәлімдесе ,сол тұлға иеленеді.Атаулы чекті басқа біреуге беруге болмайды.
Вексельде қолма-қолсыз есеп айырысу бір формасының жатады.Себебі, вексельдің атқаратын басты қызметі –төлем құралы.
Вексель екіге бөлінеді : жай және аудармалы вексель
Жай вексель дегеніміз-қарыз алушының қарыз берушіге қарыз төлеу туралы сөзсіз міндеттемесі.
Аудармалы вексель дегеніміз- вексель берушінің қарыз алушыға белгілі бір соманы белгіленген мерзімде үшінші бір тұлғаға төлеу туралы бұйрығы.
2 Ақша айналысын басқару және реттеу.
2.1 Ақша айналысының заңы.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі.Ол тауар ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб), екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді.Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Амөлш
(1)
Ақша айналысы заңының мәні –ақшаның айналвс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысынан бір аттас ақша мөлшерінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы емес,сонымен бірге тек төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды.Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі,яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі.Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді :тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса , айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет.Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:
Амөлш= (2)
Онда,
А мөлш-айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері;
Стб-сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн-несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы.
Ст –қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома.
Сө -өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы.
Ақ-ақша қоры
Ажылд-айналыс құралы мен төлем құралы қызметтеріндегі ақша айналымының орташа саны.(айналыс жылдамдығы.)
Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүргізуінің себебі төлеушілік проблемасының болуынан.Ол кезде қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома мөлшері теріс сан болады.Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалды экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.Себебі төлеушіліктің көптеген себептері бар:төлем тәртібінің босаңдығы,төлеушіліктің тізбегінде потенциялды күйреушілердің тиімді тәжірибесінің болмауы,жекеменшіктендіру процесінің аяқталуы ,төлем құралдарының дамуы және т.б.
Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің дамуы жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне ,тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б.Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді.Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
· Несиенің даму деңгейі ,егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
· Қолма –қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
· Ақша айналымының санының өсуі.
Ақша айналымының екі жағынан (қолма-қол ақша мен банктік айналымдағы ақшаның ) бірлігі , олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауы қажет етеді.Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші.Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін ,сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады.
2.2 Ақша массасы және ақша базасы.Ақша агрегаттары.
Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы- жеке тұлғаларға , кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісінін талдау үшін сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттары қолданылады:
· М1 агрегаты,яғни ол айналыстағы нақты ақшалар (банкноталар мен монеталар) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды.;
· М2 агрегаты ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
· М3 агрегаты ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;
· М4 агрегаты ,ол М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
АҚШ- та ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын , Жапония мен Германияда – үш Англия мен Францияда – екеу Ресейде үш ақша агрегаттары пайдаланылады.
Қазақстанда ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банктердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде ақшалай және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың ) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12.01.1995 ж Директорлар кеңесінің №2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын , ақша базасын анықтау әдісі және ішкі , сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне » сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Аталған ережеге сәйкес , ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.Ол мынадай формуламен есептеледі: МВ=СIС+RR+DCВ (3)
Мұндағы СIС- айналыстағы нақты ақшалар ;
RR - міндетті резервтер ;
DCВ- екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі коршоттағы қаражаттары.
CIC=L(Н+С), (4)
Мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;
С- айналысқа шығарылған монеталар.
Ақша базасы дегеніміз-міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам ) көмегімен мынадай формула арқылыесептелінеді.
Ам М3(акша массасы)
(5) МВ (акша базасы)
Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір теңгесі 2 теңге жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 2002жыл ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жолмен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр.
Ақша мультипликаторы дегеніміз- ақша несие жүйесінің салымда ұлғайтылуы немесе қысқарту нәтижесінде қанша мөлшерде ақша ұсынысының көбеюі немесе азаюын көрсететін сандық коэффицент және оның шамасы ақша несие жүйесінде пайдаланатын резервтін нормасына кері пропорционал болады.
Ақша мультипликаторының қарқыны экономикадағы айналыс жылдамдығына әсер етеді. Мультипликация коэффиценті неғұрлым жоғары болса, ақша массасы соғұрлым көп, ақша жылдамдығы аз болады.
3. Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері
Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі.Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді,оларды сақтаудың ,жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
ҚР ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады.Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегіне қолма-қол ақшамен нығайтылып отырады,онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы , яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады.Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде,сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағын пайдаланылмайды.Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның мултипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады.Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді:мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массаы соғұрлым көп ,айналыс жылдамдығы аз болады.ҚР Ұлттық банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы,
8-09-2015, 13:45