Мезгілден тыс жұмысқа кеткен уақыт есебі бұл жұмысты орындаған тұлға тізімінде жүргізіледі.Тізімдерді құрылымдық бөлім бастығы жасайды.Соның мезгілден тыс нақты істелген жұмыс сағаттарының сапасы туралы басшы белгі соғады.Тізім негізіндегі мұндай белгілеу табельге негізіледі.
Егер жұмыс уақытында істелінетін жұмыс болмай қалса, осының салдарынан бос өткен жұмыс уақыты да табельге енгізіледі.
Табельге бұл деректер құрылымдық бөлімше басшысы жұмыс болмай қалу себебін бос өткізілген жұмыс уақыты туралы жазылған құжаттар негізінде енгізіледі.Сондай-ақ, табельдік есепті табельдік таңбаны қолданып, карточкалық әдіспен- бақыланған сағаттарды пайдалану арқылы; рұқсаттамалық әдіспен- тапсыру және беру жолмен; бақылау- рұқсаттамалық құрылғының көмегімен және т.б. жүргізуге болады.
Қызметкердің жеке құрамы туралы есепті кадр бөлімі немесе арнайы тағайындалған тұлға жүргізеді. Жұмысқа қабылданған әрбәр қызметкерге жеке карточка толтырылып, оған өзінің жеке табельдік номірі жазылады.Бұйрық негізінде немесе кәсіпорын басшысының өкімімен бухгалтерия әрбір қызметкерге дербес шот ашады.Онда қызметкердің анықтамалық деректері көрсетіледі, тапқан табысы мен еңбекақысынан ұсталған сома туралы барлық мағлұматтар жазылады.
Өнім өндіру есебі өндірілген өнім саны, аяқталмаған өндіріс және жіберілген ақау; әрбір қызметкердің атқарған жұмысына қарай еңбекақы мөлшерін дұрыс әрі уақытылы анықтау; өңдеуге жіберілген жартылай өңдеген өнім және материялдар санымен өндірілген өнімнің сәйкестігін бақылау; өндірістегі тораптар мен агрегаттардағы детальдар қозғалысын бақылау туралы нақты және уақтылы деректермен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Еңбекақы төлеу жүйесі, өнім сапасын бақылау, есепті компьютерлендіру деңгейі және басқа ерекшеліктерді қолдану барысындағы өндірістің ұйымдастыру мен сипатына қарай есеп бастапқы құжаттардың, бағдарлық құжат, өнімділік туралы рапорты және т.б. әр түрлі есептік әдістері мен формалары қолданылады.Есепті оңайлату мақсатында көп күндік бастапқы құжаттар, аптаға арналған жүктелімдер, декада(он күндік), бір ай, жұмыс кезеңі қолданылуы мүмкін.
Өндірістің жаппай- тасқынды ( массово-поточное производства) жағдайында өнімділік дайын өнімдерді қабылдау бойынша ескріледі.Әр бригада мүшелерінің өндірген өнімі мастер немесе бригадир толтырған өнімділік туралы рапорт негізінде есептелінеді.Бұл рапорттардың негізінде бртгада мүшелерінің еңбекақысы есептелінеді.
Өнімділік туралы рапорт (жинақтаушы) (Т-28 және Т-28а формалрады) әр түрлі кезең сайын қайталанатын жұмысты орындайтын бір немесе бірнеше жұмысшының еңбекақысы мен өнімділік есебі үшін жаппай өндірісте қолданылады.
Өнімділік есеп тізімдемесі (ведомосы) (Т-29 формасы) бір текті жұмысты бір ай ішінде орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.Өнімдік есеп тізімдемесі (30 формасы) бір ай ішінде әр түрлі жұмысты орындаған жұмысшылар тобы үшін толтырылады.
Өндірістік серия сипатында- өнімділік ауыстыру үшін өнімділік рапортымен ұштастырылған бағдарлық құжаттың көмегімен ескеріледі.Егер бұйымды өңдеу ұзақтығы бір ауысымнан аспаса, онда бір рапортпен де шектеуге болады.
Бағдарлық құжат (Т-23 формасы) өндірістегі детальдар қозғалысының оперативтік есебі өнімділік есебі мен еңбекақының біртұтас құжаты ретінде қолданылады Бағдарлық құжат (Т-23а формасы) ауысым үшін өнімділік рапортымен (Т-22 формасы) ұштастырылып қолданылады.
Ауысым үшін өнімділік рапорт өнімді нақты жасалуын көрсетуге арналған және жұмысшыларға еңбекақы есептеу негізі болып табылады.
Жеке немесе ұзақ сериялы өндірістегі- өнімділік есебі мен еңбекақы есебі кесімді еңбек төлеміне арналған жүктелімде (наряд) (Т-41 формасы – жекелік, Т-41а - бригадалық) жүргізіледі.Орындалған міндеттің ұзақтығына байланысты жүктелім ауысымға немесе одан да ұзақ мерізімге (бір айға дейін) көшіріледі.Көшірілімнің негізі етіп технологиялық карта немесе учаскенің (цехтың) өндірістік бағдарламасы алынады.
Тексеріліп қабылданғаннан кейін осы құжаттар негізінде еңбекақыны есептеу бойынша есеп айырысу-төлем тізімдемесі жасалады.Жұмыс уақыты мен өнімділік есебі бойынша құжат бухгалтерияға түскеннен кейін есептік өңдеуден өткізуге жіберіледі.
2.2 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар мен шегеру сомалар есебі
Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды.Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:
- Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома — 10%.
- Табыс салығы (белгіленген заңға сәйкес).
- Заң, сот органдарының үкім қағаздары бойынша ұсталымдар (алимент және айыппұл және тағы басқалар).
- Әртүрлі жарналар.
- Дербестік сақтандыру шарттарына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларын сақтандыруға байланысты жарна аудару.
- Еңбекақы есебінен алдын ала берілген төлемдер, аванстар.
- Банкіден алынатын несиелер үшін ұсталымдар.
- Шаруашылық субъектісіне келтірген зияндары үшін өтемақылар.
- Қызметкердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейін субъекті қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін төленетін төлемдер және балабақшаға балалары үшін төлемдер.
2004 жылдың 1 қаңтарынан салық кодексі бойынша кез-келген еңбек ақыдан 10% зейнетақы қорына жарна және жеке табыс салығы ұсталынады. Осы салық кодексі бойынша, салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
Кесте-2.Табыс салығының ставкалары:
Салық төлеушінің салық салынатын табысы |
Мөлшерлеме |
1) 15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
табыс сомасынан 5% |
2) 15 еселенгеннен бастап 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8%; |
3) 40 еселенгеннен бастап 200 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін |
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 8%; |
4) 200 еселенгеннен бастап 600 еселенген жылдық көрсеткішке дейін |
200 еселенген жылдық көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15%; |
5) 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары |
600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20%. |
Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
Төлем кезінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер мынадай тәртіппен жүргізеді:
1. ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомалар 20 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді;
2. 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сомалар есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей төленеді.
Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды әсер етеді, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы.
Әлеуметтік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне кіреді. Әлеуметтік салықтардың тауар бағасын ставкаға тең сомаға арттыратыны белгілі, яғни егер әлеуметтік салық ставкасы жоғары болса, отандық кәсіпкердің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді және сауда көлемін азайтады. Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің салықтық ауыртпалығын төмендетеді, соынмен қатар кәсіпорынның айналым құралдарын үнемдеуге және бейресми экономиканың бір бөлігінің ресми экономикаға өтуіне алғысшарт болып табылады. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі. Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.
Компанияда еңбек ақы айына екі рет төленеді: аванс және соңғы айлық. Компанияның жұмыскерлері еңбек ақыны шығыс касса ордерімен алады.
Мекеме тіркелген салық комитетіне тоқсан сайын бір рет жалпы еңбек қоры жайлы және ұсталынған табыс салығы жайлы, зейнетақы қорына аударымдар туралы есеп беріп отырады. Жылдың аяғында әрбір жеке тұлғаның төленген табысы туралы, ұсталынған табыс салығы және зейнетақы қорына аударымдары туралы тізім өткізіледі.
Және еңбек ақыдан заң сот органдарының үкім қағаздары бойынша ұсталымдар: алимент, қарыздар ұсталынып, екінші тұлғаға ауларылады. Үкім қағаздарында ұсталым мөлшерінің пайызы, мерзімі, аударыду түрі және кімге екені жазылады. Бухгалтерия ұсталынғаннан кейін үкім қағазын толтырып, сотқа қайтарып береді. Егер үкім қағазы бойынша жұмыста жоқ адамға және мүмкіншілігі жоқ болған жағдайда сотқа хабарлайды. 2005 жылғы “Неке және отбасы туралы” заңына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ай сайын мынадай мөлшерде: 1 балаға — ата-ана табысының және өзге де кірісінің — төрттен бірін, 2 балаға — үштен бірін, 3 және одан да көп балаға — тең жартысын өндіріп алады.
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып, кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Нотариалды куәлендірген алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің 50%-нан асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” Заңының 79 бабында, жалақыдан ұстап қалу былайша көрсетілген: қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайда жүргізіледі. Қызметкердің жалақысын бір немесе бірнеше атқарушы құжаттар бойынша өндіріп алған кезде оның жалақысының кемінде 50% сақталуға тиіс.
2.3 Есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі
Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті әңбекақының жалпы сомасын табу ұшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталынатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізімдемесі деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады. Еңбекақы жөніндегі есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынатын ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдеме жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмері, оларға есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыс сомалары көрсетіледі.Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Кейбір ұйымдарда есеп айырысу-төлеу тізімдемесі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу тізімдемесі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу тізімжемесі журнал түрінде жасалып, негізгі және қосымша беттерден тұрады.Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері көрсетіледі. Тізімдеменің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығы байланысты болады. Бұл тізімдеменің титулдық бетінде жұмысшылар емн қызметкерлерге төленген және депотентелген еңбекақы сомалары жазылады. Тізімдемені толтыру барысында оның ең осңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Бұл тізімдеме бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомаларының лдан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомаларының дұрыстығын анықтау үшін тізімдеменің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» деп аталатын синтетикалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерінде көрсетіледі.Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істегендері, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру тізімдемелері, тебельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы олардың түрлері және қызметкерлердің санаттары бойынша толтырылады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің сол жағында дебиттеленетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Ұйымдарда есептелген еңбекақы сомасы бөлу тізімдемесінің негізінде шығындар есептелетін шоттарға былайша жазылады:
Кесте-3. Еңбекақы есептеу бойынша счеттар корреспонденциясы:
Операциялар мазмұны |
Счеттар корреспонденциясы |
|
дебет |
кредит |
|
Еңбекақы есептеу |
1620;2920; 7110;8111 |
3350 |
Жеке табыс салығын ұстау |
3350 |
3120 |
Зейнеткерлік жинақтау қорына міндетті түрде аудару ұшін ұсталған зейнеткерлік жарналар |
3350 |
3220 |
Еңбеккерлердің карт шотына аударылған, және кассадан алынған еңбекақы сомасы |
3350 |
1030,1010 |
Сот шешімі бойынша жауапты тұлғалардың артық жұмасаған шығындары және т.б. еңбекақыдан ұсталған сомалар |
3350 |
3390,3540 |
Келтірілген шығынды қалпына келтіру, артық жұмсаған жауапты тұлғалардың қаржысын қайтару үщін еңбек ақыдан ұсталған сомалар |
3350 |
1250,2150,6160,6280 |
Кассадан әкімшілдік персоналдарға еңбекақы берілді |
3350 |
1010 |
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді: -негізге өндіріс жұмысшыларына; -қосалқы өндіріс жұмысшыларына; -цехтың қызметкерлеріне; -кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне; -маркетинг бөлімінің, басқа да тауарларды сатумен айналысатын жұмыскерлерге |
8112 8312 8412 7440 7110 |
3350 3350 3350 3350 3350 |
Лауазымды тұлға болып саналатын жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер |
7210 |
3390 |
Есептелген әлеуметтік салық сомасы |
7210,8112 |
3150 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде еңбекақы экономиканың категория ретінде жүмыскерлердің өндірісте жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес олардың жекелей тұтынуына келіп түсетін қажетті табыстың ақшалай көрінісі. Басқаша айтқанда, еңбекақы жұмыскерлердің жасаған еңбегіне алатын ақысы. Ол еңбектің құны немесе бағасы болып табылады. Біздің елімізде еңбекақы төлеуді жетілдірудің барлық жолдарын қарастыруымыз керек. Ең бастысы есептеудің қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу.Сонымен қатар өндірітер еңбек өнімділігін және өнім сапалығын көтеру үшін жәрдемақыларды, үстемелерді, жеңілдіктерді сондай-ақ бірдей лауазымды тұлғаларды аттестациядан өткізу жоғары нәтижелерге әкеледі.
Еңбекақының функциялары:
1. Ұдайы өндірістік функция.
2. Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді.
3. Ынталандырушы функция.
4. Жұмыс нәтижесіне қызығушылықты көтеруге бағытталған.
5. Есепті-өндірістік функция.
Өндіріс процесіне адам еңбегінің қатыму мөлшерін қамтамасыз етеді.
Еңбекақы төлеу кезінде келесі қағидаларға көңіл аударылады.
1. Еңбек нәтижесінде материалдық қызығушылық.
2. Еңбек саны сапасы мен шартына байланысты дифференциялау (әрі тараптандыру).
3. Еңбек өнімділігін деңгейі, еңбекақы деңгейімен өсуі.
4. Мемлекеттік реттеу және кәсіпорынның дербестігі.
ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес оның мөлшері 21%-дан 20%-ға дейін төмендеді. Президенттің ҚР үкіміндегі жолдауында 1.07.2005 жылы қосылған салығы 16 пайыздан 15 пайызға, ал әлеуметтік салық 20%-ға төмендеді. Бұл адал жалақы беруге жол береді. Жеке кәсіпкерлер салықты 3 айлық есеп көрсеткіші плюс жұмысшының 2 айлық есеп көрсеткішімен анықталады.
Еңбекақы төлеудің тарифтік жүйесі өзіне: тарифтік ставкаларды (айлық ақы), тарифтік торды, тарифтік коэффициенті қосады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі оларды тарифтеу негізінде айқындалады. Жұмыстарды тарифтеу және қызметкерлердің тарифтік разрядтарды тағайындау жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біртұтас тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылық қызметтің, мамандардың және қызметкерлердің біртұтас біліктілік анықтамалығын ескере отырып жүргізеді. Аталған анықтамалар мен оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпке бекітіледі.
Еңбек кодексімен көзделген орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі.
Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады.
Осы курстық жұмысымда еңбекақы туралы толығымен ашып көрсеттім деп ойлаймын.
Еңбекақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерімен айқын таныстық.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
1. ҚР Президентінің 2030 жолдауы
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы -2008 ж
3. Салық кодексі. 2008
4. Азаматтық кодексі. 2008
5. Мырзалиев Б.С., Сәтмурзаев А.А., Эбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Алматы:Экономика 2008ж
6. Баймуханова С.Б., «Қаржылық есеп» Алматы:Экономика 2007ж
7. Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бахгалтерлік есеп» Алматы,Экономика 2006ж
8. Баймуханова С.Б., « Бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика 2005ж
9. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп теориясы және
8-09-2015, 13:45