Роль семьи в обществе 3

олар естігендерін жазған ғой. Мен Хиуаздың дүниеге келгенін көрген адаммын. Ол 1922 жылы туған еді, мен одан сегіз жасқа үлкенмін. Доспанов Қайырдың маған нағашылығы бар. Киров округінің жерінде Шағырлы деген ауыл бар. Ондағы үлкен көпірден шығып, түстікке сәл жүргенде оң қол жақта «Сельнай» деген арал қалады, бұл – Қайырдың кіндік қаны тамған топырақ. Енді шығысқа жүргенде жол бойымен созыла түсетін қызыл төбе бар, оны «Круглый» деп атайды. Бертінде қойылған аты ғой, дұрысы «Қызыл төбе», одан тағы шығысқа көпірден шыққанда «Қызылмұрын» деген арал бар. Неге бұларға «қызыл» деген сөз қосылды – оны айта алмаймын. «Круглый» төбесінің терістік қапталында Масқар руының Қайыр, Қали, Сымағұл, Жәрдем, Мардан, Құспанғали деген ағайынды алты отбасы қоныстанды. Олардың үйлерінің орнына кейін совхоздың шопандары қыстады. Хиуаз Қайырқызы дәл осы жерде дүниеге келді. Хиуаздың атын қойған өздерінің ағайыны Сымағұлов Әлімғазы деген ақын еді, бесікке салған менің анам Ізтелеуқызы Дәмен болатын, бұл кісі 1975 жылы 94 жасында (1881 жылы туған) дүниеден өтті. 1922 жылдың қиындығын, жоқшылығын айтудың қажеті болмас. Хиуаздың бесікке салған «тыштымасын» көбейту мақсатында сүзбеден жасалған ұсақ құрттарды алақан толтырып алған баланың бірі едім. Бұған енді ешкім сенбейтін сыңайлы. Доспанов Қайыр оқығаны көп, орысша жақсы білетін адам болды. 1918 жылдан бастап совет өкіметіне белсене қызмет жасады. Сол кездегі Теңіз уезіне Нұғыман Манаев бастық болған кезде Қайрекең милиция, сот саласында жауапты қызметте болды. Ақыры оны 1925 жылы Орал қаласына құқық қорғау органдары саласындағы қызметке алып кетті де, Хиуаз бар болғаны төрт жасқа қарап тұрған кезінде туған ауылынан қол үзді. Оның барлық оқыған, жауапты қызметте болған жағдайларынан жерлестерінің толық хабары болмауы осыдан еді. Тек 1949 жылы анасы Меруетті көруге бір келіп кетті, артынша оны Алматыға көшіріп алды. Егер бүгінгі ұрпақтарына қажеті болса дегенім ғой – Хиуаздың ататек шежіресін мен мынадай түзілімде ғана білемін. Олардың арғы бабасы Қисық аталыпты. Ол кісінің қалайша «Қисық» болғанын білмеймін. Қисықтан – Мұқамбетқали мен Шеркешбай туған. Шеркешбайдан – Доспан. Доспаннан Қайыр, Бисен. Қайырдан (бұл кісі тұрмыстық жағдайына байланысты екі мәрте үйленген), бірінші Мерует анадан Белмерген, Марат, Хиуаз, Алма, екінші жеңгемізден Қобыланды мен Тарғын (бұлар қазірде Ганюшкинде тұрады) туады». Мұса ақсақал осылай деп тоқталады.

Ал менің қосарым: Қайыр ата мен Мерует ананы талай көріп, әңгімелерін тыңдағаным еді. Кешегі бес жылға созылған соғыс менің тұрғыластарымды тым ерте есейтті. Қиыншылық адамды қаталдығымен тәрбиелейді. Қазіргі Киров селолық округінің орталығы Дәшін (Дархан) ауылында «Жаңа талап» деген колхоз болды. 1944-1947 жылдарда Хиуаздың анасы Мерует Доспанова осы шаруашылықта партия ұйымының хатшысы болды. Бастауыш мектепте оқысақ та, ол кісінің талай әңгімелерін тыңдадық, қолында бүктеулі қағазы болды, арасынан «Правда» газетін алып, қызының майданда жасаған ерлігі жайлы жазылған мақаланы оқиды, «соңғы кезде Хиуаздан хабар болмай кетті» деп біздің анамызға көңіл босатып отыратынын да көрдік. Әттең, сол газеттерді жинап алу ойымызға келмегені қандай өкінішті дерсіз. Қазақтың қыран қызының ұшқыш киімімен түскен суреті, немістің өртеніп жатқан самолетінің суреті басылған еді аталған газетте. Енді алпыс бес жыл өткенде ол газеттерді қайдан табармыз. Мерует ана 1949 жылы «Хиуаз шақыртып жатыр» деп Алматыға кетіп қалды.

Енді Доспан баласы Қайыр ата жөнінде білетінімізді қосайық. Ол кісі 1884 жылы Бөкей Ордасының Екінші Примор округінде (қазіргі Құрманғазы ауданы) Сельнай деген аралда туған. 1952 жылы Ганюшкинде қайтыс болып, осындағы Красиловка қорымына жерленген. Екінші анамыз Әсима әже әлі ортамызда бар, сол Красиловка ауылында балаларымен бірге тұрады. Бұл кісіден туған Қобыланды, Тарғын Қайырұлдары да енді алпыс жасты алқымдаған азаматтар.

Қайыр Доспанов белгілі қоғам қайраткері деңгейінде қызмет жасаған адам екенін құжаттар дәлелдеп отыр. Кезінде Ганюшкинде Нұғыман Манаевпен жұмыстас болғанын атадық. Ақыры ол кісінің қозғауымен Қайыр Доспанов 1925 жылы Орал облысының құқық қорғау органдарына қызметке кетіп, содан еліміздің әр өңірінде түрлі-түрлі жауапты қызметтерде болып, 1949 жылы туған жерге оралды. Бұл кезде ол кісі 65 жаста болатын. Ұлы Отан соғысына да жасы ұлғайды деп алмаған еді. Қайрекеңді елге келген соң қарап отырғызбай аудандағы Телячье ауылдық кеңесіне төрағалыққа жібереді. Соғыстан кейінгі жағдай білікті, тәжірибелі кадрлардың өте тапшы кезі. Шашылып қалған шаруашылықтарды қайтадан қалпына келтіру керек. Сондықтан денсаулығының ойдағыдай еместігіне, жасының ұлғайғанына қарамастан Қайыр Доспановты «Жаңа талап» колхозына төраға етті. Дәшін ауылы – осы мақала авторының да туып-өскен жері. Әкеміз сонда мал шаруашылығында ұзақ жыл жұмыс жасады. Қайыр ақсақал колхозға келгенімен, үйін көшіріп әкелмеді. Жирен төбел жорға атымен шаруашылық аралайды, арасында түскі шайға әкемізбен бірге біздің үйге келеді. Менің естияр болып қалған кезім. Жазғы каникулда пішеншілерге қосыламын, атқа мініп, шөмелей тасыдық, бір жылы аткосылкамен пішен де шаптым. Қайрекең марқұмның талай әңгімесін тыңдадық. Олардың барлығы бір мақалаға сыймайды. Мен Хиуаз апа жайында «Жауына жасын ойнатқан» деген кітап жазу ойындамын. Мүмкін сонда бәрін де кеңірек баяндауға болар. 1952 жылы мен Ганюшкиндегі Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірдім. Сол жылы мамыр айында марқұм Қайыр Доспанұлы дүние салды. Ол кісіні сол Красиловка қорымына жерлегенде «бір уыс топырақ салған» баланың бірі едім.

Марқұм Қайыр атаның алдыңғы Мерует анадан көрген Хиуаз, Белмерген, Марат, Алма есімді төрт перзенті болған. Қазір бұлардан тек Алма ғана арамызда бар, Алматыда тұрады. Белмергеннен туған бір немересі 2004 жылдарда Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары дегенді естігенмін. Ал Хиуаз апа мен ері Әміров Шәку ақсақалдан туған Ерболат атты ұлдары математиканың білікті маманы, Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің оқытушысы. Ерболат пен Иринадан екі немере бар.

Қазақтың қыран қанат қаһарман қызы атанған Хиуаз Доспанова жөнінде әзірге айтар мағұлматымыз осындай. Мұны толықтыратын, тыңнан қосатын кезеңдер де келер. Таяуда бір басқосуда аудан әкімі Аманжан Такешев мырзаның айтқан қорытынды сөзі ұлағатты істің үлкен бағытын байқатты. «Бұл мәселе кезеңдік, болмаса бірер жылдың көлемінде тындыра салатын шаруа емес. Хиуаз Доспанованың есімі ұрпақтан-ұрпаққа биік тұлғасымен жететіндей жұмыстар жасалуы керек. Облыс басшылығына қоятын тілегімізді де жеткізерміз, өзіміз де бар мүмкіндікпен ойластыра қызмет етерміз. Бұл мәселені енді жиналыстарда талқылаудың қажеттігі туындамас деп ойлаймын. Ал «Халық қаһарманының» атын беретін мәселені кейінге қалдыра тұрайық», – деген еді. Әрине, Хиуаз Доспанованың есімін мәңгі сақтау шешімін жоғары жақ жүзеге асыратыны заңды жағдай ғой. Солардың құлағына өзінің кіндік қаны тамған топырақ, анасы партком, әкесі колхоз бастық болып қызмет жасаған Киров селолық округіне Хиуаз Доспанованың есімін берсе деген жерлестерінің тілегі жеткізілер деген үміт барын жасырмадық.

Қазақ халқының айбынын аспанға асырған бір батыр қызы дүниеден өтті. Дәл жиырма жасында ерлік даңқы әлемді таңдандырған ержүрек пенденің кәрілік құшағына жеткен шақтағы қазасы тым-тырыс қайғылы көріністе қалды. Қазақ әйелдерінен «Халық қаһарманы» атанған жауынгер ананы біреулер білді, біреулер түсінбей қалды. Бұл – заңды көрініс еді. Бұдан 65 жыл бұрынғы ол жасаған ғаламат ерлік оқиғалары осы кезге дейін бәз-баяғы қалпында қалай сақталар! Қан майданда болған жағдайларды көзімен көргендер мен танып-білгендердің барлығы дерлік енді арамызда жоқ. Оған қоса сол соғыс салған жарақаттардың ауыр зардаптарынан қазақтың батыр қызы 1959 жылы 37 жасында бірінші топтағы мүгедек есебінде ғұмырлық зейнеткерлікке шықты. Сөйтіп Хиуаз Доспанованың жабырқау жағдайындағы жаралы көңілін жұбатқан жылымық тіршілігі басталды. Бұл көрініс бақандай 49 жылға жалғасты. «Елу жылда ел жаңа» дейтіннің кері келгендей еді. «Қанатты қыздың» соғыстағы қыран қимылы өз алдына, тіпті жеңістен кейінгі он шақты жылдардың ішінде оның Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болғаны, партияның Орталық Комитетінде қызмет жасай жүріп Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы болғаны, Алматы мен Мәскеудің жоғары партия мектептерін оқып бітіргені, басқа да партиялық жауапты қызметтерде болғаны заулаған жылдар ағынымен өз-өзінен біртіндеп ел есінен кете бастағандай еді. Оған қоса қайсар Хиуаздың от үрлеп тұратын мінезіндегі өжеттігі, өрлігі, қаталдығы мен «қиқарлығы» өзінің атақ-даңқын айбындататын асуларын алыстатып жіберді. Тегінде, кез-келген адам батыр бола алмайтын сыңайлы. Әйтпесе, сұрапыл соғысқа қатысқан мыңдаған, миллиондаған жауынгерлердің барлығы бірдей батырлар сапынан көрінер еді. Батыр Бауыржанның мінезін көп айтып, көп жазып келеді. Ол мінез оған үйлеседі, ерлік істер өз-өзінен жасалмайтынын айғақтайды. Ал батыр қыздың бойындағы дәл сондай өрлік пен өжеттікті, қайсарлық пен қаталдықты, ақылдылық пен айбындылықты кезінде танып түсіндік пе? Хиуаз Доспанованың ғұмырлық мүгедектік зейнеткерлікке шыққаны өзіне қатал рухани соққы болды. Ол жиырма жылдай мезгіл тар бөлмедегі тұйық тіршілігінің түндігін ашпауға тырысты. Бағзы біреулердей, «мен қайда қалдым, мені неге айтпайсыңдар, неге жазбайсыңдар» деуді туа біткен қатал мінезі қаламады. Өзінің күш-қуаты барында 1960 жылы «Под командованием Расковой» (орыс тілінде), 1963 жылы «Халқым үшін» деген (қазақ тілінде) майдан естеліктерін ғана жазумен шектелді. Хиуаз Доспанованың ерлік эпопеясы осымен тұйықталғандай еді. Әлде осылай мәңгіге ұмыт болар ма еді, қайтер еді. Егер тәуелсіздік алған еліміздің көреген басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың батыр қызына «Халық қаһарманы» атағын беріп, қайсар ананы қайтадан қатарға қоспағанда!

Сөйтіп, «қанатты қыздың» халқымен қайта табысатын заманы келді. Енді келер ұрпақ қазақтың батыр қызы жайлы нені танып, нені білуі керек. Осы салада кеңесетін, келісетін шаруалар бар сияқты. Рас Хиуазды мәңгілік есте қалдыратын ескерткіштер, басқа да үйлесімді жұмыстар жасалар. Оған облыста, аудандарда ойластырылып жатырған істер барынан хабардамыз.

Олардың барлығы бірер жылдың бітірер жұмыстары емес, халқымен мәңгі бірге болатын батыр қыздың мадақ-марапаты ғасырларға жалғасатынына шүбәміз жоқ.

Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп

ШЫҒАРМА

Тақырыбы : Аб

Орындаған: 9 б сынып оқушысы Сүгірова.Ә

Тексерген:

Атырау- 2010 оқу жылы




9-09-2015, 19:03

Страницы: 1 2
Разделы сайта